Алдыңғы панельдегі кең форматты 27 дюймдік OLED-дисплей минималистік интерьерге сырбаз әрі жоғары технологиялық түр беріп тұр. Оған навигациялық жүйе картасын шығарыңыз немесе көлік айдаудан демалғанда, сүйікті стриминг сервистеріңізден контент тамашалаңыз.
Орталық консоль сырбаз әрі заманауи көрінеді. Ол жерде барлық басқару элементтері ыңғайлы түрде жайғасқан.
Shift-By-Wire технологиясы бағалы тастармен көмкерілген әсем бұрылыс селекторының көмегімен беріліс қорабын түйсікпен басқаруға мүмкіндік береді.
Nappa табиғи былғарысынан жасалған орындық қаптамасы минималды өңдеу дәрежесінің арқасында табиғи текстурасымен ерекшеленеді. Талғампаз тігіс шынайы сырбаздықты ерекшелеп тұр.
Табиғи буатпен әрлеме интерьерге сайма-сай және премиум түр беріп, орындалу сапасын айқындап тұр.
Тураланған төменгі бөлігі бар эксклюзивті спорттық рөл G80 Sport нұсқасы үшін арнайы әзірленген.
Қызыл және күміс түсті нағыз карбоннан жасалған әрлеме элементтері динамика сезімін күшейтеді және автокөліктің спорттық мінезін айшықтайды.
Эксклюзивті спорттық стильдегі ромб түріндегі өрнегі бар, Nappa табиғи былғарысынан жасалған орындық қаптамасы G80 Sport нұсқасы үшін арнайы әзірленген.
www.hyundai-premium.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.