Hyundai Premium Al-Farabi
г. Алматы, проспект Аль-Фараби, 107/1, угол улицы Жарокова
10 қазан 2022
Ұтыс ойынының жеңімпаздары

2022 жылғы 5 қазанда Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы Instagram-дағы @hyundaikz парақшасында тікелей эфир өткізіп, оның барысында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына жолдаманың ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтады!

Ұтыс ойынына қатысудың басты шарты 10-30 қыркүйек аралығында Қазақстандағы кез келген Hyundai ресми дилерлік орталығында жаңа Hyundai BАYON автокөлігінде тест-драйвтан өтіп, 2022 жылғы Әлем чемпионатына жолдама берілетін ұтыс ойынына қатысушы ретінде тіркелу болды. Жолдамаға не кіреді?

  • екі жаққа трансфер (Қазақстан-Катар-Қазақстан);
  • 5* қонақ үйде төрт күн тұру;
  • футболдан Әлем чемпионатындағы топтық кезең матчына бару;
  • Катар астанасы Доха бойынша экскурсия.

Ұтыс ойынына 325 адам қатысты, олардың арасында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен екі жеңімпаз анықталды - Орал қаласынан Зайнов Сұлтан және Алматы қаласынан Омаров Айдос. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға керемет сапар тілейміз!

Ұтыс ойынына қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!

Сайтта орналастырылған автомобильдердің ассортименті мен бағасы Компанияның офертасы (жария офертасы) болып табылмайды.