SmartSense көлік жүргізуді қауіпсіз ететін озық технологиялар жиынтығын қамтиды.
Алдыдан соқтығысуды ескерту ассистенті (FCA)
Егер алда келе жатқан көлік кенеттен жүрісін баяулата бастаса немесе, мысалы, тоқтап тұрған көлікпен немесе алда келе жатқан жаяу жүргіншімен соқтығысу қаупі байқалса, жүйе жүргізушіні екертеді. Ескертуден кейін, егер соқтығысу қаупі жоғарыласа, жүйе жедел тежеуді автоматты түрде іске қосады. Егер қозғалыс кезінде велосипедшімен соқтығысу қаупі болса, жүйе автоматты түрде жедел тежеуді іске қосады.
Соқыр аймақтарды бақылау жүйесі (BCW)
Қозғалыс жолағын ауыстырмас бұрын бұрылу көрсеткішін қосқаннан кейін ассистент жанынан немесе артынан жақындап келе жатқан автомобильді анықтайды және тиісті ескерту береді. Ескерту жасағаннан кейін, егер соқтығысу қаупі жоғарыласа, жүйе автоматты түрде соқтығысуды болдырмауға көмектеседі.
Интеллектуалды круиз-бақылау (SCC)
Интеллектуалды круиз-бақылау алда келе жатқан автомобильге дейінгі қашықтықты сақтауға және жүргізуші белгілеген жылдамдықпен қозғалуға көмектеседі. Автомобиль автоматты түрде тоқтайды және егер алдағы көлік құралы қысқа уақыт ішінде қозғала бастаса, қайтадан оталады. Біраз уақыттан кейін акселератор басқышын немесе ауыстырып қосқышты басу арқылы қозғалуды бастаңыз.
Алдыңғы әйнекке орнатылған алдыңғы көру камерасының көмегімен қозғалыс жолағын және алда кеде жатқан көлік құралын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жүргізушіге автомобильді басқаруға және оны жолақтың ортасында ұстауға көмектеседі.
Сайтта орналастырылған автомобильдердің ассортименті мен бағасы Компанияның офертасы (жария офертасы) болып табылмайды.