Стиль туралы ойлайды.
Стиль туралы ойлайды.
Кеңістік туралы ойлайды.

Жаңа Creta-ның салоны кеңдігімен және эргономділігімен таңғалдырады. Жүргізуші үшін де, жолаушылар үшін де көбірек орын бар. Сонымен қатар, басқару элементтері жақынырақ, ықшам болды: бәрі көз алдыңызда, бәрі қолыңызда. Ыңғайлы параметрлер жүргізуші орындығы мен рульдің жағдайын жеке қалауыңызға сәйкес реттеуге мүмкіндік береді.

Кеңістік туралы ойлайды.
Динамика туралы ойлайды.

Динамика мен қуат, маневрлік және керемет басқарылушылық заманауи қалалық кроссовердің маңызды сипаттамалары болып қала беруде. Жаңа Creta сенімділік пен драйвты біріктіретін танымал және өзін жақсы жағынан танытқан қозғалтқыштармен жабдықталған. Автоматты және механикалық берілістер қорабымен жабдықталған.

Динамика туралы ойлайды.
Жайлылық туралы ойлайды.

Автокөлік салонының жайлы болуы маңызды. Тіпті оның жайлылығы ұсақ-түйектерден құралса да. Жаңа Creta Сізді тапқырлығымен және техникалық шешімдерінің дәл және тиімді болып келетін алуан түрлілігімен таңғалдырады. Сіздің иелігіңізде Bose Hi-Fi мультимедиялық жүйесі, қозғалтқышты батырмамен іске қосу, сымсыз зарядтау құрылғысы және басқа да көптеген пайдалы функциялар бар, олардың көпшілігі өз класы үшін бірегей болып табылады.

Жайлылық туралы ойлайды.
Ауа райы жағдайы туралы ойлайды.

Ауа райы қаншалықты құбылмалы және ызғарлы болса да, жаңа Creta-да сізге әрқашан жылы әрі жайлы болады. Қысқы топтамада автомобильді қозғалысқа тез дайындауға көмектесетін ыңғайлы функциялардың толық кешені бар. Оларды қашықтықтан басқаруға болады. Сондықтан ауа райының қолайсыздығы сіз үшін күтпеген жайт болмайды.

Ауа райы жағдайы туралы ойлайды.

Узнать больше о Hyundai

Сайтта орналастырылған автомобильдердің ассортименті мен бағасы Компанияның офертасы (жария офертасы) болып табылмайды.